Қытай Солтүстік Кореяны ядролық зымыран сынақтарын тоқтатуға шақырды - деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
Филиппиннің Манил қаласында өткен аймақтық қауіпсіздік коференциясында Қытай Сыртқы істер министрі Ван И КХДР СІМ Ли Ен Хоға: «Санкция салу дұрыс. Бірақ ол бұл мәселені шешудің соңғы нүктесі емес. Қазіргі таңда Корей түбегі өте қиын жағдайда. Сол себепті Солтүстік Корея өзінің жаңа зымыран сынағымен әлем қауымдастығын арандатпай БҰҰ-ның қарарын орындағаны абзал» - деді.
Ал Қытай Сыртқы істер министрінің бұл сөзіне Солтүстік Корея өкілінің қандай жауап қайтарғаны жайында ешқандай ақпарат тарамаған.
Естеріңізге салайық, Біріккен Ұлттар Ұйымы Солтүстік Кореяға АҚШ-тың бастамасымен санкция салған болатын. Санкция бойынша, КХДР аумағына темір, көмір, теңіз тағамдарын импорттауға тыйым салынған. Бұдан бөлек елдің барлық банк шоттары бұғатталып, теңізшілерге Солтүстік Корея су айлағынан тыс жерге шығуға болмайды. Шетелдік сарапшылардың мәліметінше, Солтүстік Корея осы санкцияның салдарынан жылына экспорттан табатын 1 млрд доллар қаржысынан қағылатын болады.