Қазақстан қор биржасында өткен таңғы сауда сессиясында доллар курсы бірден 5,80 теңгеге қымбаттап, орташа бағам 334,53 теңгені құрады. Ал 1 тамыз күні күндізгі сессияда курс 330,43 теңге болған.
Таңғы сессияда АҚШ валютасының төменгі курсы 332,60 теңге болса, жоғарғы курс 335,80 теңгені құраған. Сауданың аяқталуы кезінде 335,07 теңге болды. Ал сессия кезінде жасалған мәмілелер саны - 309. Сауда көлемі - 212 млн 700 доллар.
Ал ақша айырбастау пунктері болса долларды 340 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, доллар курсы соңғы рет 334 теңге деңгейіне 2017 жылдың қаңтар айында көтерілген. Одан кейін мамыр айына дейін 310 теңгеге дейін арзандаған.