Монғолияда ел басшысы Халмаагийн Батулганың президент болып сайланғанының құрметіне әскери шеру өтті.

Шердуде сөз сөйлеген Халмаагийн Батулга: «Мен Монғолия әскеріне осы уақытқа дейін ел тыныштығы мен мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғап келе жатқандары үшін алғыс білдіргім келеді. Біз алдағы уақытта әскери техникаларды модернизациялауға, сарбаздардың жалақысын өсіруге, «Бір ұлт-бір сарбаз» бағдарламасын жүзеге асыруға бар күшімізді салатын боламыз» - деді.

Ел астанасы Ұлан-Батырда өткен әскери шеруге Халмаагийн Батулгадан бөлек, Монғолия қарулы күштерінің басшысы генерал-мойор Д. Даваа қатысты.

“The Qazaq Times”