Құрама Штат президентінің Сауд Арабиясына сапары кезінде АҚШ жақ бұл елге құны 110 млрд АҚШ доллары тұратын қару-жарақ сатып беру тоқтамына қол қойған болатын. Бұл жобаға АҚШ-тағы бірқатар сенаторлар мен Республикашыл партияның мүшелері жағынан қарсылыққа ұшырады. Дегенмен, Сенатта дауысқа салынған қарсылық 47-ге қарсы 53 дауыспен жеңіліске ұшырады. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына сапарлай барған кезінде қол қойылған тоқтам бойынша, 110 млрд АҚШ долларының қару-жарағы сатылуға тиіс. Бұл саудаға америкалық заң шығарушылар мен Республикашыл бір топ лауазымды қарсы тұрды. Қарсылықты бастаушылардың көбі Құрама Штат сенаторлары болған. Айталық, Юта және Индиана штаттарының сенаторлары қарсылық жобасын сенатқа ұсынған. Бірақ, екі күн бұрын бұл жоба жеңіліске ұшырады.
Трамптың Сауд Арабиясына сапары Америка жаңа үкіметінің Орта-Шығыстағы ұстанатын жаңа сыртқы саясатының бейнесін ашып көрсетті. Трамп сапары аяқталысымен араб елдері арасында Катар дағдарысы орнады. Орта-Шығыстағы Америка ықпалы Сауд үкіметі арқылы жүзеге асатынын әлемге тағы бір әйгіледі.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы