Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі және Мысыр ортақ декларация жариялап, Катардағы 12 қайырымдылық ұйымы мен 59 адамға «террорлық ұйыммен астасқан» деген айып тағып отыр. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
«Терроршыл» айыбымен аталғандар арасында Бүкіләлемдік Мұсылман Ғалымдар Одағының төрағасы, мысырлық Юсуф әл-Карадави және 2001-2013 жылдар арасында Катардың Ішкі істер министрі болған Әбдуллах Ибн Халид әл-Сани қатарлы ірі тұлғалар да бар.
Тізімге алынған 59 адамның ішінде 26 мысырлық, 18 Катар азаматы, 5 ливиялық, 3 Кувейт азаматы. Сонымен бірге Иордания және Бахрейннен екіден, Сауд Арабиясы, Йемен және Біріккен Араб Әмірлігінен бір-бір адам аталған тізімдікке алынған.
Ортақ декларация жариялаған 4 елдің Терроризм және радикализммен қимылы, лаңкестердің қаржы көздерін құрту операциясы сондай-ақ, қоғамды радикал көзқарастардан тазарту қызметтері нәтижесінде, Катар билігіне өзінің террорлыққа қарсы тұрудағы жауапкершілігін үстіне алмағанын айыптап отыр.