Украинаның Халықаралық сауда жөніндегі комиссиясы Ресейден келетін какаодан жасалған тәттілерге 31,33% деңгейінде баж салығын енгізді. Бұл туралы Украина министрлер кабинетінің "Правительственный курьер" деп аталатын ресми газетінде жарияланды.
"Демпингке қарсы баж салығы 31,33%-ды құрайды", - делінген жарлықта. Баж салығы 30 күннен кейін күшіне енеді және 5 жылға созылады. Халықаралық сауда жөніндегі комиссияның мәліметінше, мұндай шешім 2015 жылы жүргізілген тексерулерге байланысты қабылданған. Себебі Ресей тарапы Украинаға импорталатын какаодан жасалған тәттілердің бағасын ішкі нарыққа қарағанда арзан белгілеген.
Осыған байланысты украиналық кондитер нарығына шығын келген. Мысалы отандық шокалад өндірісінің көлемі 8%-ға дейін, ал оның ішкі нарықтағы сатылымы 21%-ға дейін төмендеп кеткен.