Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі, осы кезекті баспасөз мәжілісінде, ресми Бейжің тарабының АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға орнатып жатқан «Саад» (Thaad) жүйесіне түбегейлі қарсы екенін білдірді. Бұл туралы сол елдің «Шинхуа» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гың Шуаң (Geng Shuang) мәлімдемесінде: «АҚШ пен Оңтүстік Кореяның орнатқалы жатқан зымыранға қарсы «Саад» жүйесі, Солтүстік Кореяның қауіпсіздік жақтағы алаңын күшейтеді. Өңірдің орнықсыздығын арттыра түсетін болады. Нәтижесінде, түбек жағдайы тіптен шиеленісіп кетеді. Тіпті, тұтас Шығыс-Азияның тыныштығы мен тұрақтылығын кері әсер жеткізеді. Стратегиялық қауіпсіздік мәселелеріне кесірін тигізеді», – деп айып тақты.

"Сад" жүйесінің қамту аймағы. Фото: YongHU
Қытай жақ өз елінің стратегиялық қауіпсіздік мүдделерін қорғау және аймақтың шиеленісін болдырмау мақсатында, АҚШ үкіметінен Кореяға орнатылып жатқан «Саад» жүйесін тоқтатып, құрылғыларды еліне алып кетуін талап етіп отыр. Егер олай болмаса қалыптасқан жағдайға байланысты Қытай өз шараларын жүзеге асыратынын айтып ескерту жасады.
The Qazaq Times


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау