Индия сәуірдің 26-ы күні «Агни-5» қысқа қышықтықтағы баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді деп хабарлайды Odisha Sun Times ақпарат көзі.
Үндістан әскерилер «Агни-5» баллистикалық зымыранын Одиша штатының аумағында орналасқан Абдул-Калам аралындағы әскери палигонда кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 9:12 сынақтан өткізген.
«Агни-5» балистикалық зымыраны 5 мың шақырым қашықтықтағы нысандарды атып түсіруге арналған. Бұған дейін Үндістан «Агни-1» 700 шақырымға, «Агни-2» 2 мың шақырымға, «Агни-3» және «Агни-4» 2,5 және 3,5 шақырымдарға ұшатын зымырандарын 2011 жылдан бері өз арсеналына қосқан болатын. Қазіргі таңда Индия қарулы күштері 10 мың шақырымдағы нысандарды атуға арналған «Агни-6» баллистикалық зымырандарын құрастыру үстінде.
Бұның алдында 25-ші сәуірде АҚШ өзінің Minuteman III континент аралық баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізген еді. Ал Қытай осы аптада өзінің екінші ұшақ тасмалдағыш кемесін суға түсірген болатын. Солтүстік Корея болса, ел әскерінің құрылғанына 85 жыл толуына орай өз тарихындағы ең жойқын әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген. Бұл әскери дайындыққа 300-ден астам артиреллиялық зеңбірек қатыстырылған еді. Осылайша әлем алпауыттары жаппай қарулануға көшіп жатқандарын күн сайын жарыса айтып жатыр.
"The Qazaq Times"


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны