Халықаралық болат ассоциациясы Иранның 2017 жылдың алғашқы тоқсанында төрт миллион 500 мың тонна шикі болат өндірісі арқылы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда болат өндірісінің 12/7 пайызға өскенін хабарлады. Бұл туралы "Фарс" баспасөзі мәлімдеді.
Иранның шикі болат өндірісінің мөлшері 2016 жылдың алғашқы тоқсанында төрт миллион 61 мың тонна болды. Иран – әлемде болат өндіретін он төртінші ел. 2015 жылы төрт миллион 200 мың, 2016 жылы бес миллион 500 мың тонна болат өндірді.
Бүгінде АҚШ қа ашық айбар шеге алып отырған бұл елдің ресми ақпаратындағы болат өндірісі туралы нақтылай ақпарат беруі тегінен-тегін болмаса керек.
Өткен Бейсенбіде АҚШ президенті Доналд Трамп: «Болат импорт-экспорты АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды болып табылады. АҚШ бұл салада өзге елдерге әсте тәуелді болмауы керек», – деген еді. Болат-темір импорт-экспорты туралы заңға қайта қол қойған еді.

"The Qazaq Times"