Танымал кәсіпкер әрі өнертапқыш Илон Масктың Neuralink Corp компаниясы болашақта адамның өз ойы мен сезімдерін басқа адамға сезім мүшелері мен физикалық ортаның қатысынсыз жеткізу қабілетіне ие технологияларды жасауды қолға алмақ. Бұл туралы өнертапқыш Wait But Why сайтына берген сұхбатында айтқан болатын.
Жалпы бұл құрылғының концепциясы "телепатияға" ұқсас келеді. Илон Масктің түсіндіруінше: "Сіз өзіңіздің сезімдеріңіз бен әсеріңізді жеткізу үшін сөз бен қимыл-қозғалыстың ендігі қажеті болмайды".

Фото. vkpnew.ru
Болашақта бұл технологиялар жүйке жүйесінің ауытқулары бар, сал ауруына шалдыққан немесе қартайған сайын есте сақтау қабілетінен айырылған адамдарға қоршаған ортамен байланысын үзбеу үшін медициналық мақсатта пайдаланылмақ.
Компания бұл құрылғының алғашқы нұсқаларын алдағы 4 жылда нарыққа шығармақ. Сонымен қатар оны қарапайым адамдарға арналған нұсқаларының да жобасы әзірленуде.
"The Qazaq Times"


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны