24 маусым таңда Мәскеуге қарай жорық жасаған Евгений Пригожин шамамен 200 шақырым қалғанда Беларусь президенті Александр Лукашенконың ара ағайындығымен келсімге келіп кері қайтқаны хабарланды.

Біраз уақыттан бері Ресей қорғаныс министрлігін айыптап келе жатқан «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының жетешісі Евгений Пригожин 24 маусым таң бозында қарулы қарсылыққа шақырып қарамағындағы әскерін Мәскеуге қарай бағыттады.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы бүлікке шақырқырды деп айыптаған «Вагнер» Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады. Демен бұл айыппен алда-жалда Пригожин қолдарына түсе қалса 20 жылға дейін қамау жазасын күтіп тұр деген сөз.Бұл жөнінде Ресей Бас прокуратурасы хабарлады.

23 маусым жұмада Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігі «Вагнер» жауынгерлерін артиллерия мен әскери тікұшақ көмегімен атқылап жатыр деп айыптаған. Оның айтуынша, осының кесірінен оның әскерилері қаза тапқан.

Кешке қарай Пригожиннің телеграм-арнасында «елдің әскери басшылығына қарсы» бүлік бастап, «әділдік орнататынын» мәлімдеді. Ол жұртты «қарсылық білдірмей берілуге» шақырған және қарамағында 25 мың сарбаз бар екенін ескерткен болатын.

Осыған байланысты ВВС-дің хабарлауында Мәскеуде ФСБ басқармасы мен әскерилер дабыл бойынша жұмылдырылғаны, Мәскеу мен Ростов арасындағы федералдық трассаға блокпосттар қойылып Мәскеудегі мемлекеттік мекемелердің маңына күзет қойылғаны туралы айтылды.

Бұл оқиға туралы кей сарапшылар Ресейде «азамат соғысы басталды» деген пікір айтты.

Арада көп өтпей «Вагнер» тыбының Растов қаласын басып алғаны туралы хабар тарады.

Ростовтағы 161.ru сайты оқырмандардан келіп түскен сурет пен видеоларға сүйене отырып, камуфляж киген белгісіз топ  – Оңтүстік әскери округ штабы; Буденнов полиция бөлімшесі; ІІМ бөлімшесі; ФСБ басқармасы; Ростов әкімшілігі ғимараттарын қоршап алғанын хабарлады.

«Вагнер» тобына жақын Телеграм-арналарында Пригожин Шойгудың орынбасарларының бірімен кездескені хабарланды.

Видеода Пригожин Ростовтағы оңтүстік әскери округта отырғаны және қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Беко Евкуровпен келіссөз жүргізіп жатқаны көрінеді. Ақпаратқа қарағанда, «Вагнер» жетекшісі бас штаб жетекшісі Герасимов пен қорғаныс министрі Шойгуды келіссөзге шақырған. Пригожин сонымен бірге жалдамалы әскер Дондағы Ростовтағы әскери нысандарды, оның ішінде аэродромды да бақылауға алғанын айтқан. Соңғы мәлімдемесінде Пригожин [Украинадағы соғыста] кейбір күндері адам шығыны мыңға дейін баратынын айтқан. «Көп жерден айырылдық. Өлген солдаттар саны жоғарыға жіберілетін құжатта көрсетілетін көрсеткіштен үш, төрт есе көп» деді Пригожин.

Ресей қорғаныс министрлігі «Вагнер» жалдамалы әскеріне мәлімдеме жасады Ведомствоның айтуынша, жалдамалы әскерді «Пригожиннің қылмыстық авантюрасы мен қарулы бүлігіне алдап тартқан»; Қорғаныс министрлігінің айтуынша, «Вагнердің» кейбір жауынгерлері «қателік жасағанын түсініп», көмек сұраған. Ведомство «Вагнер» тобын ақылға келіп, Ресей қорғаныс министрлігі немесе құқық қорғау органдарына байланысқа шығуға шақырды.

Ал Путин мырза Ресейдің мемлекет арналарынан «ресейліктерге, әскери және күштік құрылым өкілдеріне және алдау және қоқан-лоқы арқылы қарулы бүлікке тартылғандарға» үндеу тастады. Ол «Вагнердің әрекетін «тұтқиылдан жасалған соққы» деп атап, оқиғаны «опасыздық пен мемлекетті сатуға» теңеді. «Біз сатқындыққа кез болдық, шексіз амбиция Ресейге сатқындық жасауға итермеледі» деді Путин. Ол қарулы бүлікке барғандар тиісті жазасын алады деді. Путин мәлімдемесінде Евгений Пригожиннің атын атамады.

Ары қарай әлем желіде «Вагнер» тобы туралы түрлі пікір айтылып жатты. Сондай-ақ Мәскеуден, жалпы Ресейден азаматтардың кетіп жатқаны туралы да сөз болды.

Мәскеу маңында М-4 «Дон», М-5 «Орал» және М-2 «Қырым» трассалары жартылай жабылды, деп хабарлады Мәскеу облысының көлік басқармасы. Бұған қоса, Ярослав шоссесі де ішінара бекітілген. Бұған дейін Воронеж облысында М-4 «Дон» трассасының 464 пен 777-шақырымындағы бөлік жабылғаны хабарланған болатын.

Түс қайта «Пригожиннің баспасөз қызметі» «Вагнер» басшысының «Президент отанға сатқындық жасады деген жерінде қателесті. Біз отанымыздың патриотымыз, соғыстық, қазір де соғысып жатырмыз және ешкім де президент, ФСБ болмаса тағы басқа біреудің талабына бас иіп, берілейін деп отырған жоқ. Себебі біз мемлекеттің жемқорлыққа, бюрократия мен өтірікке малданған күйі өмір сүргенін қаламаймыз” деген дыбыстық жазбасын тараты.

Ростовта оңтүстік әскери округ штабында жарылыс болды. Артынша Ресей әуе-ғарыш күштеріне тиесілі Ка-52 тікұшағының “Воронеждегі мұнай қоймасына соққы жасағаны” туралы видео (“Вагнер” тобында Ка-52 тікұшағы жоқ) жарияланды. Кей ақпаратқа қарағанда, тікұшақ “Вагнер” әскеріне мұнай қоймасын басып алуына кедергі жасауға тырысқан. Бұл ақпаратты тексеру мүмкін болмады. Бұған қоса, әлеуметтік желіде “Вагнер” әскерінің тікұшақты атып түсіруге ұмтылғаны туралы видео да жарияланды.

Кешқұрым «Настоящее время» арнасындағы «Система» зерттеу жобасының журналисі Дмитрий Сухарев тікелей эфирде берген сұхбатында Владимир Путин Мәскеуден Валдайға ұшып кеткен болуы әбден мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Кремльдің тек Ресей президенті ұшатын екі ұшағы бар, соның бірі - ИЛ-96. Бұл ұшақты Владимир Путиннен басқа ешкім қолданбайды. Журналистің дерегі бойынша, бүгін Мәскеуден «Россия» арнайы ұшу отрядының үш ұшағы ұшып шыққан, соның бірі – осы ИЛ-96. Ол Валдай қаласының тұсына барғанда радардан көрінбей қалған. Валдай – Мәскеуден 380 км, Санкт-Петербургтен 140 км жерде, көл жағасында орналасқан қалашық. Онда Ресей президентінің резиденциясы бар» деген ақпарат тарады.

Түн ортасында, Лукашенко Пригожинмен келісімге келгенін мәлімдеді. Бұны Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлады.

Беларусь басшысы Путиннің келісімімен Евгений Пригожинмен келіссөз жүргізген. Нәтижесінде екеуі «Ресей аумағында қантөгіске жол бермеуге» келіскен. Ақпаратқа қарағанда, Пригожин Лукашенконың «Ресей аумағында Вагнер әскерінің жорығын тоқтату туралы» ұсынысын қабылдаған және жағдайды ушықтырмауға келіскен. «Қазір түйткілді шешу үшін өте тиімді және орынды ұсыныс айтылып жатыр, Вагнер жауынгерлерінің қауіпсіздігіне де кепілдік беріледі» деп хабарлады. Алайда, бұл туралы Пригожин мен Ресей билігі түсініктеме бермеді.

Лукашенконың мәлімдемесінен кейін іле-шала Пригожиннің: «Жігіттер, мініңдер, үйге қайтамыз!» деген аудиосы жарияланды. Кейінгі аудиожазбасында Пригожин «заттарын жинап, кері қайтатындар» деген. Сонымен бірге ол «Вагнер» әскерімен бір тәулікте 200 км жол жүріп, «жауынгерлердің бір тамшы қанын төкпегенін» айтып алда да «орыстардың қаны төгілмес үшін» Мәскеу түбіндегі колоннаны кері бұрып, «жоспар бойынша артқа қайтып, даладағы лагерьлеріне баратынын» мәлімдеді. Оның қандай жоспар туралы айтқаны белгісіз. Ол Лукашенкомен арада болды деген келіссөз туралы да ештеңе айтпады.