Қанды қаңтар қырғынына байланысты айыпты саналып қамауда отырған 9 азаматтың сотына судья Қадырбек Нұржан БАҚ өкілдерін кіргізбеді.

4 сәуірде Тараз қаласындағы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесінде өтіп жатқан қанды қаңтар қырғынына байланысты сотта судья Қадірбек Нұржан журналистерді сот залына кіргізбеді. Судья ашық сотқа БАҚ өкілдерін неге жібермегенін түсіндірмеді. Тек обл соттың ғимаратындағы экраннан ғана бақылай аласыздар деді.

Сот басталардың алдында сот хатшысы да, судья да процесс басталған кезде шақыратындарын айтып өздері кіріп кеткен.

Журналистер сот залына өткізуден бас тартқан кезекшіге сот өздерін кіргізу туралы өтініштерін судьяға жеткізуді өтінді.

– Шықпаймыз, егер списокта жоқ па, значить жоқ! – деп айтты деген жауап жеткізді кезекші.

– Бізге список берді, "міне осы списоктан басқа адам кіруші болмасын!" деді, болды. Біз осымен жұмыс жасаймыз. Біздің жұмыс осы. Бізің процесске дым қатысымыз жоқ. кіргізу-шығару болды, іште не болып жатыр, қалай болып жатыр біздің қатысымыз жоқ! –деп сот залына жіберуден бас тартты.

Процес аяқталғанын күтіп, бұдан бұрынғы екі реткі отырыста өзі бастап кірген сот хатшысы Қанат мырзадан неге ашық сотқа БАҚ-ын қатыстырмағанын сұрадық.

– Ашық сотқа кіргізбе, анау-мынау деп мен айтқан жоқпын. Мен жақтан ештеңе жоқ.  Сотталушылардың қорғаушылары «сен кіргізбей жатсың» деп айтып жатыр. Менің оған қатысым жоқ. Облыстық сот ғимараты жағына онлайн жасап қойған. Сол жаққа барып, көріп отыруға болады. Мекеме басшылығы «кіргізіп жатырсыңдар, (сотталушылармен – ред) жолықтырып жатырсыңдар» деп, ертең бізге әңгіме айтады, – деді хатшы.

Ал, судья Қадірбек Нұржан журналистер үшін сотты тек обл сот ғимаратындағы экраннан ғана көре алатындығын айтып қысқа қайырды.

Қамауда жатқан азаматтардың жақындары ішке журналистерді жібермеудің себебін бұдан бұрынғы процес алдындағы қамаудағы азаматтардың айтқан жауаптарына байланысты құзеретті органдар өздерінің заңсыздықтарын жасырып-жабу деп санайды.

Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен айыпталып жатқан Нұрахан Махатовтың жұбайы – сот оң көзімен қарап, әділ шешім шешеді деп, бәріміз шаршадық, мысалы күйеуім бүгін «қатты ауырдым, бір апта жаттым» дейді гриппен. Бәрі шарашап, өзімде қатты шаршадым. – деді.

Камераға түскісі келмеген тағы бір адам: – Сот ашық өтуде. Бірақ олар журналистерді жібермеді. Олар журналистерді СМУС-қа (обл соттың ғимаратында– ред) жіберді. Онда ештеме көрінбейді, естілмейді. Біз судьядан сұрағанымызда ол «бұл режиімдік нысан» деді. Біз режиімдік нысанның басшысынан сұрағанымызда ол «бұл судьяның шешімі. Маған келіп-кетері жоқ. Бізге қандай тізім береді. Біз соларды жібереміз» деді.

Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі негізінде 291-бабы 3-бөлігі 4-тармағы, 380-1-бабы 2-бөлігі 10-тармағы, 287-бабы 4-бөлігімен айыпталып отырған Ербол Жұмановтың ағасы Ержан Жұманов – Тергеу барсында көп қателіктер кеткен. Мысалы, осы күнге дейін атып (оқ) келді деген адам басқа адам болып шықты. Ол атқам жоқпын дейді. Майор Жұманбаев емес, Көппаев атқан болып шықты. Соны шақыртып сұрақ-жауап аламыз дейді... Істе тіркелген бейне жазбалар қысқартылған, кесілген. Соған байланысты осы бейне жазбаға байланысты шақырады дейді. –деді.

«Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «Қаруды, оқ-дәрілердi жымқыру», «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» секілді ауыр айыптармен қамауға алынған азаматтар өздеріне тағылған айыппен келіспейді.

Тараздағы қанды қаңтарға байланысты іс бойынша айыпталып отырғандар:

Айбол Сағынтай, 30 жаста – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен;

Досмұхамбет Садықов, 36 жаста – Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігімен;

Дәурен Нұралиева, 28 жаста – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен;

Ермахан Сайлауов, 24 жаста – Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі негізінде 291-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен және 287-бабы 4-бөлігімен;

Ербол Жұманов, 38 жаста –  Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі негізінде 291-бабы 3-бөлігі 4-тармағы, 380-1-бабы 2-бөлігі 10-тармағы, 287-бабы 4-бөлігімен;

Жақсылық Абдуллаев, 32 жаста – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен;

Нұрахан Махатов, 64 жаста – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен;

Қанат Нұраханұлы, 35 жаста – Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі негізінде 272-бабының 1, 2, 3-бөліктері және 28-бабы 3-бөлігі негізінде 291-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен;

Саламат Қосанов, 21 жаста – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен.