Ұлттық қауіпсіздік комитеті «сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған топты ұстағанын» мәлімдеді. Бұл туралы Масамедиа жазды.
ҰҚК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, арнайы операция барысында Алматы қаласы мен облысында жеті адам ұсталған. Олардың үстінен ҚР ҚК 179 бабының 2-бөлігі, 272 бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталған.
ҰҚК «You Tube» желісіне жариялаған видеода ұсталған адамдардың қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязов пен тіркелмеген «ҚДТ» (ДВК) және «Көше партияларына» қатысы бар екені айтылған. Жоғарыда аталған екі ұйымды да Қазақстан билігі экстремистік деп танып, жұмысына тыйым салған. Еуропарламент керсінше «бейбіт ұйымдар» деп атаған.
Құқық қорғаушылар мен белсенділер сайлау қарсаңында қудалау күшейгенін айтады. Олардың басым көпшілігіне «рұқсат етілмеген жиынға қатысу» бойынша әкімшілік іс қозғалып, 6 және 20 күнге қамауға алынуда.
Оппозиция өкілдері кезектен тыс президент сайлауы күні бейбіт митингке шығатындарын мәлімдеген. Президент сайлауы 20 қарашада болады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы