Пакістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның кортежіне елдің шығыстағы Вазирабад қаласында наразылық шеруі кезінде шабуыл жасалып Хан оқ жарақатын алды.
70 жастағы Хан ел астанысы Исламабадқа мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен наразылықты басқарған.
Жамбасынан оқ тиген Имран Ханды Лахордағы ауруханаға жеткізген.
Полиция бұрынғы премьер-министрді өлтірмек болған деп тұтқындаған адамның видеосын жариялаған.
Видеода белгісіз ер адам "Ол адамдарды адастырды. Оны өлтіргім келді..." дейді. Алайда Ханның көмекшісі Рафу Хасан үкіметтің жариялаған бейнежазбадағы мойындауды "бүркемелеу" деп бағалап шабуылға Пәкістан үкіметінің тікелей қатысы бар екенін айтты.