Тіркелмеген демпартияның жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың ісі Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына жіберілді. Бұл жөнінде оның жұбайы, Инга Иманбай хабарлады.
- Бүгін Жанболат Мамай мен адвокатына айыптау актісі беріліп, оның ісі Бостандық аудандық сотына қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жіберілді. Қаңтар бойынша 400 бап (заңсыз митинг ұйымдастыру), 378 бап (полицияға тіл тигізу), 272 бап (несиелік амнистия бойынша жалған ақпарат тарату). Жанболат өзіне тағылған айыптың ешқайсын мойындамайды, өзіне қатысты істің барлығын саяси жала деп бағалайды, - деді Иманбай.
Жанболаттың жұбайы Инга Иманбайдың айтуынша Жанболат Мамай мен адвокатына айыптау актісін бүгін берген.
Елдегі құқық қорғаушылар мен халқаралық ұйымдар "саяси тұтқын" деп есептейтін Жанболат Мамай 8 айдан бері қамауда отыр. Ол өзіне тағылғана айыппен келіспейді.
Естеріңізге сала кетейін, 24 қазан күні Жанболат Мамайға тағылған «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» айыбын алып тастап, оның Қаңтар бойынша ісін Қылмыстық кодекстің 400 бабына ауыстырған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді