Алматы облысына қарасты Талғар ауданының Перелог Фабречни көшесінің тұрғындары жиналып өздерінің көшелерінде шешілмей жатқан мәселелері жөнінде шағымданды.
Осыған дейін де әкімдікке бірнеше мәрте барып талап арыздарын айтса да, тыңдар құлақ болмаған. Жөнделмеген жол, тозығы жеткен электр бағандары, құлауға айналған ағаштар әкімшілік назарынан тыс қалды деп шағымданды. Талғар ауданының осы салаға жауапты басшылығы біз олардың өтінішін көрмедік деп ат-тонын ала қашты. Бірақ жол және жарықты жөндеу биылғы жоспарда бар екенін, ауданның балансына алу үшін әлі де өтініштерді қарайтындарын айтты. Әйтсе де әкімі ауыса беретін Талғардың шешілмей жатқан көп мәселесін жуық арада жөнге салар түрі жоқ, халықтың да үміті аз. бұл өтініш қаралып, шешім қабылданғанша қазіргі әкім де ауысып кетер деп отыр.
Электр желісін өз ақшаларымен тарқан тұрғындар қаражат жетпеген соң жалғайтын қажетті материалдарға өткен ғасырдың жабдықтарын пайдаланып отырмыз. Электросеть ай сайын ақша жинап алғанымен бізді балансқа алмай отыр. Жалғыз ток қана емес бар жағынан жұртта қалған иесізбіз дейді.
Перелог Фабречниліктер бұған дейін қанша рет БАҚ құралдарын да шақырған. Алайда солардың ешқайсысы ақпаратқа шығармады Талғар ауданының әкімдігі, атқа мінерлері, тіпті облыс басшылығыда уәжімізді тыңдаймайды сол үшінде журналистерге шағынып зар мұңымызды жеткізер деуші едік. Президент Тоқаевтың "еститін мемлекетінің" естір құлағын таппай жүрміз деп налиды.
Нұрбәтима Байтұрсын
Алматы облысы