Қытайдың Орталық телеарнасы (CCTV) елдегі авторлық құқықбұзушылықтарды анықтайтын сайттың іске қосылғанын хабарлады.
www.12426.cn сайты - ҚХР-ның жеке меншік құқығын қорғау орталығының мамандарымен жүргізілетін болады. Бұл жобаның мақсаты - плагиатты және пираттық көшірмелерді азайтып, авторлық құқықтың бұзылуының алдын алу.
Сайттың көмегімен интеллектуалды құқық иелері өздерінің туындылары жайлы кез-келген ұрлық және құқықбұзушылықтар жайлы ақпарат алып отырады. Егер осындай жағдайлар орын алса, заңға сәйкес әрекет етуге және өздерінің құқықтарын қорғауға байланысты ақпарат алады. Сайт тәулік бойы жұмыс жасайтын болады.
ҚХР төрағасы Ши Жинпин елдегі интеллектуалды құқықты қорғау мәселесін реттестіру жайлы бұйрық берген болатын. Осы жобаны жүзеге асыра отырып әлемдік нарықта сапаны сақтап, бәсекеге қабілетті болатындығын айтқан.
2016 жылы Қытайда құқық қорғау органдары интеллектуалды меншікке қол салғаны үшін 3,8 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың көпшілігі сауда белгілерін заңсыз пайдаланғандары үшін сотталған.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы