АҚШ Сүрияға қайталай әскер кіргізуі мүмкін. Жергілікті ақпарат құралдары АҚШ-тың Ракка қаласына жақын екі әскери базасын қалпына келтіре бастағанын хабарлауды.
Ракка қаласына жақын АҚШ-тың екі әскери және әуе базаларындағы белсенділіктің басталғанына бір айдай болған. Түрік ақпарат құралдары бұның екі себебі болуы мүмкін деп көрсетуде, біріншіден Ресейдің соңғы кездердегі арта түскен әскери белсенділіген алаңдауы және өңірдегі ықпалын арттыру мақсаты.
Аталған америкалық әскери нысандардың бірі 17-ші полк орналасқан Ракканың қала орталығына 7 шақырып қашықтықтағы әскери база мен қаладан 50 шақырым қашықтықтағы әуе базасы.
«Анадолы» агенттігінің хабарына қарағанда, онда сауытты әскери көліктер мен қатар ондаған әскерилер белсенді әрекет ете бастаған. Соңғы төрт айда бұл базаларға жүздеген жүк көлігі әскери және логистикалық тасымал жасаған.