Бір сәттік тыныстаудан кейін ақыры басталды. Донбасс үшін қиян-кескі ұрыс басталды. Бұл туралы Украина президенті Воладирмр Зеленский мәлімдеді.
Кеше, 18 сәуірден бастап Ресей Украина қалаларын атқылауды күшейтті. Киевтің іргесіне дейін барып Украинаның орталық қаласын ала алмай қайтқан Ресей күштерінің әскерлерін қайта орналастырып екінші ауқымды шабуылға өтетіні көптен күтілген. Украина ресмилерінің мәлімдемесінде Ресейдің алдағы мақсаты Украинаның фронтын екіге бөлу екенін айтады.
Ресейдің Украинадағы көздеген мақсаты ірі қалаларын басып алып, үкіметті қуалап, өз дегенімен жүретін билікті орнату екені белгілі. Киевті ала алмаса да Ресей күштерінің бас қолбасшысы «алғашқы ауқымды операция негізгі мақсатына жетті» деп мәлімдеп, негізгі күшті Донбасс аймағына шоғырландыратынын аңғартқан.
«Қайта шапқан жау жаман» дегендей, кезекті артиллериялық және зымыран соққылары Украинаның онсызда қажыған қалалары мен далаларына оңай болып тұрған жоқ. Луганск, Донецк облыстарындағы көптеген ірі-ұсақты қалаларда қақтығыс қызу күйге түсті.
Жексенбіде Ресей тарабы мәлімдеме жасап, Украинаның жүздеген әскери нысанын, қатарында Харков, Запорожье, Донецк және Днепропетровск өңірлерін қамтыған барлығы 16 әскери нысанды жойғанын мәлімдеді.
Бірақ, кеше кеште Украина президенті Зеленский бейне мәлімдемесінде: «Ресейдің қыруар әскери күші топталып жатыр, дегенмен қанша орыс әскері келсе де біз соғысамыз», – деді. Ол және Украина қарулы күштері, үкіметі елді қорғайтынына уәде берді.
Донбасс аймағы – қазір соғыстың қызу нүктесі. Екі тарапта осы аймаққа мол қарулы күшін топтады. Донбасс үшін соғыс басталмай тұрып та көптеген отандық және шетелдік сарапшылар бұл аймақтағы соғыстың қиян-кескі әрі қатал болатынын болжаған еді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау