1 сәуір Ресейде армия қатарына жаңа әскерлер қабылдаудың көктемгі науқаны ресми басталды. Президент Путин әскер қатарына 134 мың 500 жаңа сарбаз шақыру жөнінде бұйрық берді. Бұл әрине Украина жерінде соғыс батпағына батып жатқан елдің армиясына қажетті сан, алайда Ресейдің өзінде әскер қатарына өтуге деген белсенділіктен көрі наразылық басым екені байқалады.
Елдің қорғаныс министрі Шойгу өткен аптадағы мәлімдемесінде биылғы жылы армия сабына қосылған жас сарбаздар ешқандай соғыс майданына немесе басқа да қақтығыс ошақтарына тартылмайды деген уәдесін берді. Бұнысы әрине әскер қатарына өтуге наразы жастарды ынталандыру үшін айтылғаны белгілі.
Ел азаматтары Шойгудің уәдесіне сене алмай отыр. Себебі, жетерлік дайындықтан өтпеген жас сарбаздардың соғысқа тартылып кетуі Ресей тарихында болған. Шешенстандағы соғыс та соның бірі. Қазірдің өзінде Украинада қолға түскен ресейлік сарбаздар арасында армия қатарында көп болмаған жас сарбаздардың да көп екенін байқаймыз.
Ресей Федерациясының заңы жасы 18-27 аралығындағы барлық ер азаматтарды бір жыл әскери қызметте болуға міндеттеген. Алайда, басым көбі денсаулық жағдайын немесе жоғары оқу орындағы оқуын алға тартып әскер болудан жалтаруға тырысады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес