Луганск сепаратистік аймағында Ресейге қосылу бойынша референду өтуі мүмкін. Бұл туралы сол аймақтағы Ресей қолдайтын сепаратистік күштер мәлімдеді. Ресми Киев бұндай референдумның ешқандай заңдық негізі жоқ екенін ескертті.
Өзін «Луганкс Халық Республикасы» деп атаған аймақтың басшысы саналған Леонид Пасечник жексенбіде Ресейге қосылу бойынша референдум өтетіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлаған еді.
Ресей әскері Украина жеріне басып кіруден үш күн бұрын Владимир Путин Луганск пен Донецкті дербес мемлекет деп мойындайтын ресми шешімге қол қойды. Киев бұны Ресейдің аталмыш аймақтарды жаулап алудың бір қадамы ретінде көрсетті, Мәскеу шешіміне қарсы халықаралық реакция да күшті болды. Ал, Украина билігі Луганск пен Донецк аймақтарын Ресейдің аннекциялауына ешқашан көнбейтінін айтып келеді. Тараптар арасындағы келіссөздің де ең күрделі әрі қайшылықты түйіні де осы.
Украина СІМ тарабы аталмыш референдумға қарсы жауабында: «Уақытша басып алынған аумақтардағы барлық жалған референдумдар түкке тұрғысыз, жарамсыз және ешқандай заңдылыққа ие болмайды. Оның орнына Ресей халықаралық қауымдастық тарапынан бұдан да ауыр қауіп-қатерлерге тап болады. Бұл қадам оның оның халықаралық оқшаулануын одан әрі тереңдетуі мүмкін», – деген.
Түріктің «Анадолы» агенттігі бұл жөніндегі арнайы хабарында Ресейдің кейбір саясаткерлері де бұндай референдумды қолдай бермейтінін айтқан. Айталық, Ресей Мем. думасының ТМД істері жөніндегі комитетінің басшысы Калашников: «Менің ойымша, қазір бұны істейтін уақыт емес», – деген.
Көптеген сарапшылар Луганск немесе Донецк аймағының Ресейге қосылу бойынша референдум өткізе бастауы соғысты болдырмау, бейбіт келіссөзге келдегі болмашы үмітті жоқ қылып, жағдай шешілмейтін шиеленіске қарай дамиды деп санайды. Ресейді оқшаулау қадамы одан сайын артып, нәтижесінде әлем мен Ресейдің бітімгершілік мүмкіндіктері азая түседі дейтін көзқарастар айтады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы