Украина бейтараптық мәмілесін қабыл алса, Ресей соғыс тоқтату келісіміне келеді. Бұндай мәлімдемені Ресей президентінің баспасөз өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді.
Песковтың мәлімдемесінде Украинамен келіссөзге келу туралы сөз қозғап, Ресейдің ресми талаптары бойынша ұстанымдарын білдірді. Ол Ресейдің жоғары билігі Украинаның бейтараптық (нейтаралитет) мәртебесі арқылы соғыс тоқтату келісімін жасасу мәселесі талқыланып жатқанын айтқан. Бұл туралы түріктің «Анадолы» ақпарат агенттігі хабарлады.
Кремль өкілі пікірінде, егер Украина Швеция мен Австрия секілді өз армиясы болғанымен, шетелдік әскери базалар мен қауіпсіздік ұйымдарға мүше болмайтын бейтарап ел болған жағдайда бұл Мәскеу үшін келісімге келуге жеткілікті шарт екенін білдірген.
Дегенмен, кейбір батыстық ірі ақпарат құралдары Путин Украина соғысында көздеген мақсатына жете алмады және соғыстың ендігі бағыты Ресейге тиімсіз жаққа қарай дамуы мүмкін екенін айтуда.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес