Ресей мен Украина ортасындағы келіссөздің екінші кезегі кеше Беларусь жерінде өтті. Тараптар соғыс тоқтату туралы бітімге келе алмады, бірақ бейбіт тұрғындарды эвакуациялау мен соғыс болып жатқан аймақтарға дәрі-дәрмек жеткізуді қамсыздайтын гуманитардық дәліз беруге келісті.
Келісім құжатынада сәйкес көп ұзамай тараптар арасында байланыс пен қызметтің жаңа каналдары ашылып, қажетті логистикалық процедуралар жүргізілмек. Соның негізінде эвакуация жүріп жатқан аймақтарда уақытша оқ атыспау мүмкіндігі қос тараптан қарастырылатыны айтылған.
Украина ресмилері екінші кезектегі келіссөзде Киев өзіне қажетті талаптарға қол жеткізе алмағанын, Мәскеу шарттары да алға ілгерлемегенін жеткізген. Дегенмен, тараптар гуманитарлық оңай бойынша терең диалог орната алғанын растады. Ал, Мәскеу тарабы болса осының өзі «маңызды ілгерілеу» деп бағалады.
Ресми тараптардың мәлімдегеніндей, келіссөздің үшін раунды да жалғасын табады, қазірше уақыты тұрақтанған жоқ.
Айтпақшы, сәрсенбі күні өтуі тиіс болған екінші раундтағы кездесудің бір күн кейінге шегерілуіне қатысты да бірқатар таласты пікірлер туған болатын. Ресей тарабы бұл жағдайға Уашингтонның белгілі деңгейде қатысы бар болуы мүмкін деген.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес