Жаңаөзенде басталған наразылық Ақтау қаласында жалғасқан еді. Бүгін Атырауда «Теңіз» мұнайшылары, Сарышаған мен Қаламқас мұнай-газ кен орыны жұмысшылары да жұмыс тастағаны белгілі болды. Бұл туралы аталған мұнай-газ кен орындарының жұмысшылары әлеуметтік желіде видео таратты.
Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде Қаламқас мұнай-газ кен орыны жұмысшыларынан құралғна шамамен жүздеген адамның наразылық жалғасып жатқан алаңға топтасып жаяу бара жатқаны көрінеді.

Теңіз мұнай кен орыны жұмысшылары жұмыс тастады. Фото: ФБ
Ал, Жаңаөзен қаласынан тарап жатқан видеоларда бүгінгі наразылыққа қаладағы мектеп және ЖОО оқтыушылары да қосылғаны айтылуда.
Жағдайдың бұлай бет алуы халықтық жаппай наразылыққа ұласуға жақын тұрғанын көрсетеді. Осы орайда тәуелсіз ақпарат құрал ретінде билік тарабынан шұғыл шешім қабылдап, халықтың талабын тыңдауы керек деп ескертеміз. Жағдай бақылаудан шығып кетпей тұрғанда, наразылардың арыз-талабына құлақ асып, ашық диалог орнатудың әрекеттеріне баруы керек.
Үкіметті тұтас елдегі әлеуметтік мәселеге шынайы көңіл бұрып, халық тілегіне құлақ асуға шақырамыз!

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы