Жаңаөзенде "Бұрғылау" мұнай сервис компаниясына жалданып жұмыс істейтін "Фиркрофт" компаниясының жүзге тарта жұмысшысы жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы жұмысшылардың сөзіне сүйенген Vlast.kz сайты хабарлады.
Сайттың жазуынша, ереуілге шыққан жұмысшылар 19 сәуірде еңбек инспекциясы, қала әкімінің орынбасары мен кеңесшісімен кездескен, алайда еш нәтиже шықпаған.
Интернетте тараған видеолардың бірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Серікбай Тұрымовқа үндеу жолдаған жұмысшылар 19 сәуірден бастап жұмысын тоқтатқанын хабарлайды.
Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек кодексіне енетін түзетулерді мақұлдап, соған сәйкес аутсорсинг компания қызметкерлері өздерін жалдайтын кәсіпорын қызметкерлерімен тең жалақы алуы тиіс болған. Бірақ соған қарамастан 2018 жылы "Фиркрофт" ЖШС-імен келісімге қол қойған "Бұрғылау" компаниясы мердігер компания жұмысшыларының жалақыларын өсірмей, кодекс ережелерін орындамай отыр дейді жұмысшылар.
"Бұрғылау" мұнай сервис компаниясы 1997 жылы құрылған. Мыңнан астам жұмысшысы бар. Компания директоры - Мұстақим Беркалиев. Бұл компания 2010 жылдан бері мемлекетке жыл сайын кемі 4 млрд теңге салық төлеп келеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді