Еуропа Қауіпсіздік және барлау басқарамасы бас хатшысының баспасөз қызметі ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл-Бағдадидың Сирияда тұтқындалғанын айғақтайтын нақты дәлеліміз бар деген болатын. Аталған ұйымның ең негізгі орталығы болған Ирактың екінші үлкен қаласы Мосул, үкіметтік қарулы күштері мен АҚШ әуе күштерінің күшті шабуылына тап болған болатын. Мосул қаласының Ирак үкіметіне біртіндеп өтуі ондағы ДАИШ ұйымын Сирияның солтүстігіне ығысуға мәжбүр болды.
«Парс.Ақпарат» агенттігінің хабарына қарағанда, Еуропа Қауіпсіздік және барлау басқармасы осыдан бұрын Сирия солтүстігінде бекінген ДАИШ ұйымына шабуыл жасалу арқылы, ұйымның жетекшісі Әбубәкір әл-Бағдадиды тұтқындалды деген болатын. Алайда, Ресей Сыртқы істер министрлігінің берген мәліметі бұл ақпаратты теріске шығарды.
Осыдан екі күн бұрын Ресейдің бірнеше беделді ақпарат құралдарында – «Российская газета» басылымында және «Life News» аранасында ДАИШ жетекшісі Ирак пен Сирия шекарасында тұтқындалды деген хабар таратқан еді. Бұл ақпаратты Ирак пен Сириядағы ресми дереккөздер де теріске шығарған.
The Qazaq Times


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы