Бразилия президенті Жари Болсонару пандемияға қарсы күрес жауапкершіліне тартылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты Сенаттың арнай комитеті алға қойды.
11 адамнан тұратын Панелдің 7 мүшесі президент Болсонаруға қатысты тағылған 9 айыпты қолдады. Бұл айыптардың қатарында адамзатқа қарсы қылмыс та бар. Бүгін, 27 қазан сәрсенбі күні Комитет төрағасы Омар Азиз Бас прокуратураға шағымды тапсырды.
Бұл айыптарға қатысты пікірінде президент Болсонару өзінің жазықсыз екенін айтып келеді. Алайда, Бразилияда коронавирустан 600 мыңнан астам адам қаза тапқаны ресми анықталған. Бұл әлем бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орын.
Көптеген бразилиялықтар пандемия басталғанда Бразилия президентінің салғырт саясаты елдегі індеттің кең жайылып, ақыр соңы ауыр дағдарысқа алып келді деп санайды. Президент Болсонару пандемия басталғанда мейлінше салқынқандылық танытқан, тіпті індеттің бар екеніне сенбеген президенттердің бірі болды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес