Татарстандағы Минзеле қаласының маңында L-410 ұшағы апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты. Татарстан президенті Рүстем Минниханов 11 қазанға дейін республика бойынша азалы күн жария етті.
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, парашютшылар мінген ұшақ 10 қазан таңертең Минзеле қаласының маңында әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшыраған. Ұшақта 22 адам болған, Денсаулық сақтау министрлігі 6 адамның жарақат алып, емханаға түскенін мәлімдеді.
Ресми мәліметке сай, апатқа ұшыраған L-410 ұшағы Ресей әскери күштеріне ерікті көмек тобына тиесілі. Қазір ұшақ апатына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес