Өткен аптада Қытай әуе күштері қатарынан екі күн Тайуан (Тайвань) әуе кеңістігіне басып кіргеннен кейін, бұған жауап ретінде АҚШ пен Британия бастаған 6 мемлекеттен 17 кеме Оңтүстік Қытай теңізінде біріккен әскери жаттығу өткізді. Кемелердің қатарында АҚШ пен Британияның үш бірдей алып әуе тасымал кемесі де болды.
Жапония, Канада, Нидерланды және Жаңа Зеландиядан келген барлығы 17 кеме Окинаваның оңтүстік -батысында Филиппин теңізінде кездесіп, бірлескен жаттығулар өткізді. Жаттығуда АҚШ-тың USS Рональд Рейган, USS Карл Винсон әуе тасымал кемелерімен бірге Корольдік теңіз флотының патшайымы «Елизавета» атындағы алып кемесі де болған.
Бұл бірлескен әскери жаттығуға АҚШ екі ұшақ тасымалдаушыдан тыс үш эсминец пен бір крейсер жіберген.
Жаттығу өткізген елдер әдеттегісіндей жаттығудың мақсатын «Ашық және еркін Тынық мұхит аймағын қорғау» деп білдірді. Дегенмен, бұл АҚШ бастаған Тынық мұхиттағы одақтастар мен Қытай арасындағы шиеленістің тағы бір деңгейге көтерілгенін көрсетті.
АҚШ пен Қытайдың Үнді және Тынық мұхит аймағындағы теке-тіресі өзге де елдерді қамтып отыр. Бүгінгі таңда аймақтағы ең маңызды су жолы саналатын Оңтүстік Қытай теңізі мен Тайуан бұғазы қақтығыс қауіпі ең жоғары аймаққа айналды. Өз кезегінде бұл Қытайдың ішкі өндірісі мен сыртқы саудасына да үлкен кедергі әкеліп отыр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес