Солтүстік Корея Жапон теңізіне зымыран атты, бұл туралы Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары хабарларды.
«Йонхап» агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, сейсенбінің таңында Солтүстік Корея атқан зымыран Жапон теңізіне барып құлаған. Қыркүйектің бас шенінде ғана Пиоңяң Жапон теңізінде қанатты зымырандары мен баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізген болатын.
Өткен аптада ғана Солтүстік Кореяны билеуші әулеттің ықпалды мүшесі Ки Йо Жоң (Ким Жоң Унның қарындасы) Оңтүстік Кореяның бейбітшілік бітімін талқылау туралы ұсынысына жауап берген еді.
Жапон Қорғаныс министрлігі елдегі ақпарат құралдарына берген мәліметінде кезекті ұшырылған зымыран БҰҰ тарапынан санкцияланған баллистикалық зымыран болуы мүмкін делінген.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі болса америкалық әріптестерімен бірге кезекті зымыран сынағы туралы талқылап жатқанын айтқан.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес