Бүгін Стамбул қаласында Түркі тілді мемлекеттер кеңесінің сыртқы істер министрлері бас қосады. Ең маңыздысы бұл отырыста түркі кеңес мүшелері Ауғанстан және өңірлік қауіпсіздік мәселесін талқылағалы отыр. Оған қоса экономикалық байланыстарды дамыту тақырыптары да бар.
Орта Азиядағы түркі тілдес елдер арасында Өзбекстан мен Қырғызстан Ауғанстанның жаңа билеушісі тәліптермен белсенді сөйлесуді бастады. Стамбулдағы жиында Түркі тілдес елдер кеңесінің Ауғанстанға қарата ортақ мәмілесін қалыптастыру қолға алынбақ.
Аталымыш кеңес Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Әзірбайжан ортасындағы ынтымақтастық деңгейіндегі кеңес. Қазақстан бас болып өткізген бұдан бұрынғы кеңес отырысында бұрынғы президент Назарбаев ұйымды ресми халықаралық ұйымға айналдыру туралы да сөз еткен болатын. Өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық байланстарды талқылау аталмыш кеңес мүшелері арасындағы интеграцияның дамыта түспек.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес