БҰҰ мен НАТО бас хатшылары Бас Ассамблея отырысының аясында кездесті. Халықаралық қауымдастық пен әлемдегі ең ірі қорғаныс алянсының жоғары өкілдері Ауғанстан мәселесін қамтыған жаһандық қауіпсіздік пен климат өзгерісі тақырыптарын талқылаған.
Кездесу туралы НАТО тарабы таратқан ресми мәліметке қарағанда, Нью-Йоркте өткен кездесуде БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш НАТО бас хытшысы Йенс Столтнбергпен бейбітшілік пен қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес тақырыптарында ауқымды талқы өткізген. Әрі талқы барысында халықаралық қауіпсіздік пен НАТО арасындағы ынтымақтастықты дамытуға келіскен.
Кездесуден мәлім болғандай, НАТО мен БҰҰ арасында Ауғанстандағы қауіпсіздік пен адам құқығын қорғау бойынша ортақ жұмыстар жүргізілмек. Ауғанстанда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін НАТО халықаралық қауымдастықтың Ауғанстан миссиясымен тығыз байланыста болады және өзіндегі маңызды барлау мәліметтерімен де бөлісетін болады.