18 сәуір, Америка Құрама Штаттары мен Жапония арасында үш жақты сауда әріптестік-селбестік келіссөзін жасауға келісті. Бұл келіссөз диалогін АҚШ вице-президенті Майк Пэнс (Mike Pence) пен Жапония премьер-министрінің орынбасары Таро Асо (Taro Aso) Токияда өткізбекші. Бұл туралы танымал “The Wall Street Journal” басылымы хабарлайды.
Екі үкіметтің бірлескен мәлімдемесінде, болашақта АҚШ-Жапон экономикалық селбестігінің үш негізгі тағаны болады, олар – Сауда және инвестициялық регламенттерінің бірыңғай стратегиясы; Экономика және саяси құрылымдық ынтымақтастық; Даму мақсатындағы жұмыспен қамтуды жүзеге асырудың нақты салалардағы ынтымақтастығы қатарлылар деп көрсетті.
Алайда мәлімдемеде осы ынтымақтастық жасау жоспарларының нақты қандай салаларда жүзеге асатындығы туралы айтылмады. Сонымен бірге Трамп және өзге де Ақ үй шенділері айтып жүрген АҚШ автокөліктерінің жапон нарығындағы үлес салмағының төмендігі туралы да сөз болған жоқ. Бірлескен баспасөз жиналысына қатысқан танымал басылым тілшілері қанағаттандырарлық жауап ала алмағанын айтады. Айталық, болашақ АҚШ-Жапон ынтымақтастығы, ағымда қолданылып жатқан АҚШ-Оң.Корея арасындағы еркін сауда келісімі қалыбымен іске аса ма деген сұрақтарға да жауап жоқ. Келіссөздің басты міндеті тек екі жақты сауда келісіміне қол қою ғана болғандай.
Ал, екі ел өкілі бір ауыздан осы қысқа мерзімді сауда келісімі айтарлықтай нәтиже көрсетеді деп отыр. Пэнс пен Таро биыл жыл соңына дейін тағы бір мәрте кеңейтілген келіссөз отырысын жоспарлағанын айтты.
The Qazaq Times


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі