Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшағы Ауғанстаннан Ташкентке эвакуацияланған 200-ден астам адамды Майндағы Франкфурт қаласына жеткізді. Бұл ақпаратты әуе компаниясының мәліметіне сүйеніп, Gazeta.uz сайты жариялады.
Германия Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, Ташкент арқылы Германияға 900-ден астам адам жеткізілген.
"Өзбекстан өзі бастама көтеріп, үкімет ұшағын бөлді", –дейді "Узбекистан 24" телеарнасы. Борт Германияның Ташкенттегі елшілігінің өтінішімен шыққан.
Бұрын Ташкенттен Германияға Lufthansa әуе компаниясы ғана тасымалдаған.
Ташкент әуежайы транзит режимінде жұмыс істейтіндіктен Ауғанстаннан келген жолаушыларға қалаға шығуға рұқсат берілмеген.
Өткен жексенбіде "Талибан" қозғалысы Кабулды соғыссыз алып, Ауғанстанға толық бақылау орнатқанын мәлімдеген.
Тәліптер қуғын-сүргін жасауы мүмкін деп қауіптенген мыңдаған адам Кабул әуежайына лап қойған. Ауғанстанда әскери операция жүргізген АҚШ пен оның одақтастары өз азаматтары мен тәліптер билігінде қалғысы келмейтін ауғандарды жаппай қауырт эвакуациялауға кіріскен.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы