Жаңа «тәж тәрізді вирус» алғаш тіркелген Қытайдың Ухан қаласында індет қайта тарады. Індетке шалдыққан бірнеше науқас байқалғаннан кейін ухандықтар қайта тесттен өткізіліп жатыр. Бұл туралы Қытайдың жергілікті ақпарат құралдары мәлімет таратты.
Алғашқы мәліметтерге сәйкес, індет қаланың 7 тұрғынынан байқалған. Бұл Уханда бір жылдан астам уақыттан бері алғаш рет тіркелген жағдайы. Қытай пандемияны ең өнімді тежеген ел ретінде аталғанымен, соңғы күндері індет жұқтырғандардың тіркелуі жиіледі. Елдің 15 провинциясында індет қайта тарай бастады. 10 күн ішінде 300-ден аса кейс тіркелген.
Қытай ресмилері індеттің қайта жандануын аса жұғымтал «Дельта» вирусы және ішкі туризм сезонымен байланыстырады. Сейсенбі күні 90 жаңа жағдай тіркелгеннен кейін Ухан қаласының тұрғындарына құлақтандыру жарияланды. Вирустың жаңа штамы Қытай орталығы Бейжіңнен де анықталды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес