Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ұлттық мәжілісте мәлімдеме жасап, «Талибанды» таңдау жасауға шақырды. Ол сөзінде Ауғанстан үкіметінің бейбітшілік үшін көп бодау беріп келгенін, ендігі таңдауы «не тәліптермен келіссөзге отыру, не соғысып жеңу» екенін айтқан.
Сөзін елді бірлікке шақырумен бастаған президент Ғани, елді қалпына келтіріп, терроризмге қарсы күресу үшін бұрынғыдан да бекем бірлік керек екенін баса атап көрсеткен. Сондай-ақ, үкіметтің басты ұстанымы бейбітшілікті қалпына келтіру, тұрақтылыққа жету екенін тағы бір рет айтып өткен.
Ауғанстан президенті бұған дейін Кабул билігі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін көп бодау бергенін айтқан. «Талибан не келіссөз үстеліне отырады, не соғыста жеңеміз. Бұл біздің таңдауымыз. Енді «Талибан» таңдау жасасын», – деген сөзінде Ашраф Ғани.
Қазір де, ауған жерінде үкімет күштері мен тәліптер арасында қақтығыс сұрапыл жүріп жатыр. Мәліметтерге қарағанда, үкімет тарабы 34 провинцияны толықтай бақылауында ұстап тұр. Ал, елдегі 407 ауданның 150-ден астамын тәліптер өзіне қаратқан.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес