Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне байланысты Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде облыстық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова ақпарат құралына хабарлаған.
Салтанат Қаракөзованың Азаттық радиосына берген мәліметіне қарағанда, Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары басталып, арнайы сараптамалар тағайындалған.
Қаракөзова басылымға іс бойынша күдікті анықталған-анықталмағаны, адвокаттар тағайындалғаны жөнінде ақпарат бере алмайтынын айтқан.
29 шілдеде жазушының қайтыс болғаны жөнінде әлеуметтік желіде оның достары хабарлаған еді. Марқұм кеше, 29 шілдеде туған жерінде жерленді.
Аягүл Мантай – «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Жүрекке оралу» кітабының авторы. Оның «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы бар. Жазушы Ресей халықтар достығы университетінде оқыған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы