Арменияда парламент депутаты мандатынан үміткер 18 шенеунік бұл қызметтен бас тартты. Оның ішінде «Азаматтық келісімшарт» партиясының жетекшісі, пемьер-министр Никол Пашинян да бар.
Армения Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Армен Смбатянның мәліметінше, «Азаматтық келісімшарт» партиясының атынан 16 үміткер додаға қатысады. Пашинянмен бірге парламент спикері Арарат Мирзоян мен Роберт Кочарян да бұл лауазымнан бас тартқан. Екі саясаткер де «Армения» блогының мүшелері.
Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау 20 маусымда өтті. ОСК мәліметтері бойынша, саулауда «Азаматтық келісімшарт» партиясы 53,92%, Кочарянның «Армения» блогы – 21,04%, экс-президент Серж Саргсянның блогы – 5,23% дауыс жинаған. Осылайша, жеңіске жеткен Пашинянның партиясы ел үкіметін қайта құрды. Бірақ ел оппозициясы сайлау нәтижелерімен келіспейді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті