БҰҰ Кубаға қарата мәлімдеме жасап, наразылық шарасында тұтқындалғандарды босатуға шақырды. Халықаралық қауымдастық тарабынан Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет (Michelle Bachelet) мәлімдеме жасады.
Мәліметтерге қарағанда, Кубада бір аптаға созылған наразылық шерулері кезінде кемінде 100-ден аса адам қамауға алынған. БҰҰ өкілі Куба үкіметін ел азаматтарының бейбіт шеру арқылы өз көзқарасын білдіру құқығын бұзды деп айыптап отыр.

БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет ханым. Фото; VOA.
«Қамауға алынғандардың қайда екені беймәлім және оларға сыртпен хабарласуға мүмкіндік бермей отыр. Біз Куба халқына шамадан тыс күш қолданғанына алаңдаймыз. Гаванада наразылық шарасында қаза болғандар үшін қайғырамыз. Бұл арада тәуелсіз, ашық тергеу амалдарын жүргізу, әрі кінәлі тұлғаларды жауапқа тартудың маңызы аса жоғары», – депті аталған мәлімдемесінде Мишель Бачелет ханым.
БҰҰ тарабы наразылық білдірушілер мен үкімет арасында диалог орнатуға шақырды. Әрі, үкіметті Куба халқының бейбіт түрде наразылық білдіру құқығына құрмет етуге шақырды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес