Биыл жыл басынан бері АҚШ-тың Мексикамен шекарасында елге заңсыз кірмек болған мигранттардың саны 2005 жылдан бергі жаңа рекордты орнатқан. Жыл басынан бері елдің оңтүстік шекарасынан 1 миллионнан астам босқын ұсталған. Бұл туралы АҚШ-тың CBP ұйымы мәлімдеген.
Мәліметке қарағанда, заңсыз шекара бұзатын босқындардың саны ай сайын артып келе жатыр. Айталық, маусымда 178 мың мигрант шекара бұзып кірмек болған, бұл мамыр айымен салыстырғанда 3 есеге көп. Ал, шілденің ортасына дейін бір ғана Мексикамен шекарадан заңсыз кірмек болған босқындар саны 1 миллионнан асып кеткен.
CBP мәлімдемесінде, бұл сандар тек шекара қызметі жағынан ұсталғандар саны екенін баса айтқан. Шекара бұзып елге кіргендердің саны анықталмаған. АҚШ-тың Шекара және Кеден қорғау ұйымының есептеуінше мамырдан бері заңсыз миграция 23 пайызға көбейген. Бұлардың арасында балалардың саны 15 мыңнан асады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау