Иранның ядролық қаруға ие болуы Израиль үшін ең үлкен қауіп болады. Бұндай мәлімдемені Израиль қорғаныс министрі Бенни Ганц жасады.
Ганц мәлімдемесінде Израильдің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты кез болып отырған бірқатар мәселелерді айта келіп, соның ішінде Иранның ядролық қаруға ие болуы Израиль үшін ең үлкен қатер екенін айтқан.
Тель-Авив маңындағы Даян әскери базасындағы шарада елдің қорғаныс министрі Орта-Шығыстың түбегейлі өзгеріске ұшырағанын айта келіп, осы өзгерістерде Иранның үлкен ықпал жасағанын алға тартқан.
Ганцтың айтуынша Ливанның ыдырауы мен Сүрия жағдайында Иранның белсенді ықпалы бар. «Алдымызда тұрған ең негізгі қауіп – Иранның ядролық қаруға ие болуы», – деген еврей министрі оған қарсы жалғыз амалдың күш-қуатты арттыру деп көрсеткен.