Ауғанстан үкіметі Қытай, Үндістан және Ресейден лаңкестікке қарсы күресте техникалық қолдау сұрады.
Өткен аптада АҚШ әскері Баграмдағы базадан кеткен болатын. Осыдан кейін «Талибан» қозғалысы бірден шабуылға кірісіп, біраз жерді басып алды. Қазір Ауғанстан үкіметінің күштері мен тәліптер арасында соғыс болып жатыр.
Ауғанстан президентінің кеңесшісі Хамдулла Мохибтің мәлімдеуінше, ауған әскері техникалық жағынан қолдауға күтеді. Бірақ ол кез келген көмек сыртқы күштердің мемлекеттің ішкі ісіне араласуына жол бермеу керектігін ескертті.
9 шілде Ауғанстан мен Түрікменстан шекарасында атыс болып, елдің оңтүстігіндегі кей ауданнан түрікмен әскерилері отбасыларын эвакуациялауға мәжбүр болған. Мәліметтер бойынша, атыс Түрікменстанның Серхетабад мекені мен Ауғанстанның Тургунди ауылында орын алған.
Бірер күн бұрын Түркіменстан Ауғанстанмен шекарадағы «Акина» бақылау өткізу бекетін жапқан болатын. Себебі тәліптер бекетке жақын бірқатар елді мекенді басып алған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел