Каспий теңізінің Әзірбайжан бөлігінде жарылыс болды.
Осыған байланысты Әіррбайжанның экология және табиғи ресурстар миристрлігі мен Сейсмологиялық қызметтің республикалық орталығы тексеру жүргізді. Сонымен қатар теңізде өрт жағдайының орын алуы себебін анықтау үшін оқиға орнына Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының қызметкерлері аттанды.
Елдің төтенше жағдай министрлігі жариялаған мәлімдемеде: «Бүгін таңертең елдің ТЖМ әуе жасағының тікұшақтары барлау ұшуларын өткізді. Нәтижесінде Сальян ауданы бағытына қарай жағалаудан шамамен 30 шақырым жердегі тасты аралда лайлы жанартаудың атқылау фактісі анықталды. Қазіргі кезде жанартау кратерінде аздаған өртегу байқалып отыр. Жанартау теңіздегі мұнай-газ инфрақұрылымы мен басқа нысандар, сондай-ақ адам өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ», – делінген.
Соңғы мәлімет бойынша, теңіз платформалары мен өнеркәсіп нысандарында апат болмағаны анықталды. Қазір тексеру жұмыстары штаттық режимде өтіп жатыр.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?