Әлемдегі 100-ден астам ұйым АҚШ президенті Жо Байденге ашық хат жолдап, беліленген соғыс алаңдарынан тыс жерлерде адам өліміне алып келетін шабуылдарға тыйым салуды, жақында ғана ол мақұлдаған ұшқышсыз ұшу құрылғылары арқылы жасалатын шабуылдарды тоқтатуды талап етті. Сәрсенбіде жарияланған ашық хатқа америкалық және өзге елдердегі адам құқығы мен азаматтық бостандықты, дін мен бейбітшілікті насихаттайтын ұйымдар қол қойған.
АҚШ президентіне жолданған ашық хатта бұндай шабуылдар заңсыз және «Американың мәңгілік соғысының өзегі» деп бағалаған. Сондай-ақ, «11 қыркүйек» оқиғасының 20 жылдығы жақындаған тұста адамзаттың ұжымдық қауіпсіздігін қорғайтын және оған құрметпен қарайтын жаңа жоспарды дайындайтын кез келді» делінген ашық хатта.
«Қазіргі президенттердің бәрі де біржақты билікке ие бола отырып, белгіленген ұрыс алаңдары мен соттан тыс жерлердегі кісі өліміне, жазықсыз өлтірілгендер мен бейбіт тұрғындардың зардап шегуіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алмай отыр», – деген ұйымдардың Байденге жазған ашық хатында. Сондай-ақ, аталмыш хатта бұндай әрекеттерді айыптап: «Ажал шашатын бұл жоба АҚШ-тың соғысқа негізделген кең тактикасының негізіне айналды. Ол өзге де зорлық-зомбылықты, соғыс пен қақтығыстарға бастады; жүз мыңдаған адам өлімі, соның ішінде көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуы; миллиондаған босқындар; мерзімсіз әскери қамауға алу және азаптаулар – бұлар ұзақққа созылған психологиялық жарақаттарды тудырды және көптеген отбасылардың жақындарынан және өмір сүру мүмкіндігінен айырды», – деген.
Әлем бейбітшілігіне қатысты алаңдаушылық білдірген ұйымдар Байденнен «аяқталмайтын соғысты» тоқтатып, АҚШ сыртқы саясатына адам құқығы мен нәсілдік теңдікті құндылық етіп қоюды талап еткен.
Ашық хатқа қол қойған ұйымдардың қатарында Халықаралық Амнистия, Америкалық Азаматтық Еркіндіктер Одағы (ACLU), Америка-Ислам қатынастары комитеті (CAIR), Human Rights Watch, Еуропалық конституция және адам құқықтары орталығы (ECCHR), Ұлыбританияның Бейбітшілік Direct ұйымы және Пәкістанның «Әділет жобасы» қатарлы ұйымдары бар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес