Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрлігі Ресейдің 200-ден астам мәдениет қайраткерлерін ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін адамдар тізіміне енгізді.
Бұл ұсынысты Украинаның Қауіпсіздік қызметі білдірген. Аталған тізімге енгендер қатарында ресейлік әнші Филипп Киркоров, Джозеф Кобзон, Валентин Гафт бар.
Ресейдің, Украинаның және Молдованың халық әртісі Филипп Киркоров өз мәлімдемесінде елдің қазіргі президенті Владимир Зеленскиймен бір сахнада өнер көрсеткен «ажырамас әріптес» екенін айтқан.
Украина мәдениет министрлігінің бұл шешімі Ресей билігінің агрессиялық саясатына қарсы қолданылып отыр. 2014 жылы Мәскеу Украинаға тиесілі Қырым түбегін жаулап алған. Ресей сонымен бірге Украина шығысындағы сепаратистерге дем беріп, қолдау көрсетіп келеді. Украина шығысындағы қақтығыс кезінде 13 200-ден астам адам қаза тапқан. Сол уақыттан бері Украина ресейлік бірнеше бағдарламалардан бас тартып, мәдениет қайраткерлерін қара тізімге енгізіп келеді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?