Иран үкіметі АҚШ-пен кез келген келіссөздерге заңнамалық түрде тыйым салу туралы жарлықты Меджлиске (парламент) тапсырды. Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады.
Жақында ғана сайланған Иран президенті Эбрахим Раиси Ақ үй басшысы Джо Байденмен кездесу өткізбейтінін айтты. Американың қара тізімінде тұрған Раиси «егер Уашингтон Теһран мүддесіне қайшы саясат ұстанса, Иран Америкамен бірлескен іс-қимыл жоспары туралы келіссөздер жүргізбейді» – деп ескертті.
18 маусымда Ирандағы президент сайлауында Жоғарғы соттың төрағасы Ибрахим Раиси жеңіске жеткен. Оған сайлаушылардың 62%-ы (17,9 миллион адам) дауыс берген. Сайлауға дауыс беруге құқылы ирандықтардың 48,8%-ы ғана қатысқан.
Раиси – Батыспен қарым-қатынаста қатаң саясат ұстануды қолдайтын ультраконсерватор. Ол осыған дейінгі президент сайлауында Хасан Руханиға жол беріп, екінші орын алған. 2019 жылдан бері ол америкалық санкция тізімінде.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы