Америка Құрама Штаттары Тайуанға (Тайвань) коронавирусқа қарсы вакцинаның 2,5 млн дозасын берді. Маусым айының соңына дейін тағы 750 мыңын жеткізіп бермек.
Байден билігі уәде еткен 2,5 млн вакцина дозасын тиеген ұшақ 20 маусым күні Тайуан аралына барып қонды. Америкалық «Модерна» компаниясының өнімі Тайуан үкіметінің ресми өкілдеріне табыс етілді. Вакцинаның қалған бөлігі маусым айының соңына дейін жеткізіліп болмақ.
Құрама Штаттардың Тайуанға ұсынған вакциянасының мөлшері Тайбей үкіметінің сұраған мөлшерінен үш есеге көп. Тайуандағы денсаулық сақтау саласына жасалған бұндай қолдаудың саяси мәні ақпарат құралдарының назарына ілінуде.
Америка Құрама Штаттары мен Тайуан арасында ресми дипломатиялық қарым-қатынас жоқ. Дегенмен, АҚШ Конгресі қабылдаған «Тайуан істері жөніндегі» заң жобасы бойынша Уашингон Тайуанмен сауда-экономикалық байланыстарды сақтап келген.
АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестіктің артуына байланысты Тайуан тақырыбы күннен күнге өзектілене түсті.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес