Сәуірде Еурокомиссия келісімшартта көрсетілген вакцина көлемін толық қамтамасыз етпегені үшін AstraZeneca концернін сотқа берген.
Осы аптада Брюссельдегі бірінші инстанциядағы сот компания ірі келісімшартты өрескел бұзды деген ұйғарымға келіп, AstraZeneca фармконцернін қыркүйектің соңына дейін Еуроодаққа вакцинаның 50 миллион дозасын жеткізуге міндеттеді. Енді бірлестік Еуроодаққа алғашқы 15 миллион дозаны 26 шілдеде, 20 миллион дозаны тамызда, ал 15 миллион дозаны қыркүйекте жеткізуі тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда, бір доза үшін 10 евро айыппұл салынады.
Қазір Еуроодақ елдерінде жалпыұлттық вакцина науқаны жоспардағыдай орындалып жатқан жоқ. Себебі, AstraZeneca-дан бөлек коронавирусқа қарсы екпені жеткізу жұмыстарын BioNTech/Pfizer және Moderna компаниялары да кешіктіріп отыр. AstraZeneca биыл бірінші тоқсанда препараттың 100 миллион дозаның орнына 30 миллион дозасын жіберген. Компания мұны төмен өндіріс көлемімен түсіндіреді.
Наурыздың соңында AstraZeneca компаниясы қайта тексерістен соң препараттың тиімділігін 85%-дан 79%-ға түсірген. Нидерланд билігі AstraZeneca екпесінің жанама әсері туралы хабарланғаннан кейін, осы препаратпен халықты вакцинациялау процесін тоқтатып тастаған еді. Ал оған дейін Ирландия, Исландия, Дания және Норвегия осындай шешім қабылдаған болатын.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?