Аляскада «Red Flag Alaska 21-2» деп аталатын көпұлтты әуе жаттығулары басталды. Бұл туралы АҚШ Тынық мұхиты әуе күштерінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірлескен әуе жаттығулары 10-25 маусым аралығында өтеді. Оған 1,5 мыңға жуық әскер, 20 бөлімшеден 100-ден астам ұшу аппараты қатысатырылады.
Оқу-жаттығуларға тактикалық және техникалық тәжірибемен алмасу үшін АҚШ-қа келген Корея Республикасы мен Жапонияның әскерилері де қатысады. Бұған дейін Yonhap ақпарат агенттігі хабарлағандай, Корея әуе күштерінің 100-ден астам әскерилері осы жаттығуға қатысу үшін Эйлсон әуе базасына кеген. Оңтүстік Корея бұл жаттығуларға соңғы үш жылда алғаш рет қатысып отыр.
«Red Flag Alaska» оқу-жаттығуы алғаш рет 1975 жылы өткізілді. Бұған дейін АҚШ-тың 15 000 әскері мен ұшатын дрондары Аляскаға келіп, оқу жаттығу жұмыстарын өткізген еді. Олар АҚШ-тың «Солтүстік өңір-2021» атты оқу жаттығу шараларын қатысқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы