1 шілдеден бастап Еуропалық одақта коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны жайлы сертификат беретін электрондық жүйе іске қосылады.
Бүгінге дейін COVІD-құжатты одақтың 7 мемлекеті бере бастаған. Төлқұжат цифрлық түрде немесе қағаз жүзінде беріледі. Қазірге дейін 1 миллионнан астам адам вакцина салдырғаны жайлы цифрлық құжат алған. Еурокомиссия өзге елдермен электрондық жүйенің еуропалық цифрлық сертификаттармен сәйкестігін белгілеу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Тесттер Еуроодақ азаматтарының шекараны кедергісіз кесіп өтуі үшін қажет. Осы жұмыс үшін ЕО тағы 100 млн еуро бөлмек.
Жаппай вакцинациялау басталған Еуроодақ елдері «COVID-төлқұжат» енгізу мәселесін бірнеше ай бұрын талқыға алған. Вакцина қабылдады деген құжатты енгізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарсылық білдіргенмен, Еуроодақ елдері төлқұжат қажет дейді. Мәселен, Испания билігі бастаманы қолдайтынын жеткізді. Өйткені ел экономикасы туризмге тәуелді.
Былтыр Испанияның саяхат саласы соңғы жарты ғасырдағы ең ауыр жылға тап болды. Пиреней түбегіне келген шетелдік саяхатшылар саны 80%-ға азайған. Грекия билігі де осындай сертификат енгізу бастамасын қолдап отыр. Себебі Эллада елінде де туризмнің экономикадағы үлесі жоғары. Қолдаушылар қатарында Польша мен Дания да бар.
Ал Франция мен Румыния билігі керісінше, бұл идеяны құптамайтындарын айтқан. Аталған құжат вакцинациялау туралы анықтаманы алмастырады. Қолында тиісті құжаты бар адамның шетелге шығуы жеңілдеп, өзге елден оралғанда карантинде отырмайды.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?